Бағаны тұрақтандырамыз дегенімен жылжымайтын мүлік нарығы өсуді жалғастырып келеді. Қазан айының қорытындысы бойынша жаңа тұрғын үйлердің бағасы орта есеппен 13%, ал екінші деңгейлі баспана 11,6% қымбаттады. Сарапшылар бұған бірден бірнеше себепті байланыстырады. Біріншіден, ҚҚС-тың 16%-ға дейін көтерілуі күтілуде, сол себепті құрылыс компаниялары бұл өсімді шаршы метр құнына енгізе бастады. Ал сатып алушылар керісінше, «қымбаттамай тұрып» үй алып қалуға тырысуда. Екіншіден, үлестік құрылыс ережелері қатаңдатылды: енді мәмілелер тек үлестік қатысу шарты арқылы жүргізіледі, бақылау күшейтілді және жарнамаға шектеу қойылды. Мұның бәрі жобалар санының азаюына, тиісінше нарықтағы ұсыныстың қысқаруына алып келді. «Оның үстіне инфляция да бағаға әсер етіп отыр», — дейді сарапшылар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.