Қазақ және эстон компаниялары жалпы құны 517 миллион доллардан асатын 11 коммерциялық құжатқа қол қойды. Сауда келісімшарттары бүгін Қазақстан-Эстония бизнес форумында жасалды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эстония президенті Алар Карис сөз сөйледі. Мемлекет басшысы екі елдің іскерлік топ өкілдері жиналған бизнес-форум сауда және инвестиция саласындағы екіжақты ықпалдастықты жандандыруға септігін тигізетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қаржы және білім беру салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің перспективті бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ: «Елімізде эстониялық бизнестің кеңеюіне жан-жақты қолдау білдіруге дайынбыз», — деді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.