Атырауда қырыққа жуық дәрігер жалақыны уақытылы беруді және көтеруді талап етті. Олар: «Мардымсыз еңбекақы түкке жетпейді», — деп отыр. «Ал басшылық соңғы айларда маңдай термен тапқан ақымызды да бермей қойды», — дейді көпшілік. Жауапты мамандар: «Сәрсенбіде өтетін жиында мәселені жан-жақты қарап, реттейміз», — деп сендірді. Қазір ауруханада шамамен 280 қызметкер бар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.