Ертіске кәріз суы құйылып жатыр

Семейде кәріз коллекторы жарылып, тоқтаусыз аққан лас су Ертіске құйылып жатыр.
Бұл жағдайдың болып жатқанына бүгін екінші күн. Ал жарылған құбырды жөндеуге коммуналдық мекемелердің күші жетпей жатыр. Оқиға орнына облыстық экология департаментінің мамандары барды. Олар қалдық судың Ертіске құйылып жатқанын растады. Енді тексеріс басталады. Бұл жай ғана жергілікті апат емес. «Екібастұз, Қарағанды, Астана сияқты қалалар ауызсуды дәл осы өзеннен алып отыр», — дейді мамандар.
———————————————