Freedom Life балаларға арналған қаржылық сауаттылық кітабын таныстырды

Freedom Life Алматыда балаларға арналған қаржылық сауаттылық кітабын таныстырды. Шығарманың басты кейіпкері Арыстан есімді балақай өткенге қайта оралу арқылы сауда, қаржы, сақтандыру және адамдардың бір-біріне деген сенімін ғажайып оқиғалар арқылы танып біледі. Оқулық ойын арқылы балаларға ақшамен жұмыс жасау және оны басқару туралы нұсқайды. Кітап қазақ тілінде, орысша аударылыммен жарыққа шыққан және білім жүйелерінде тегін таратылады. Freedom Life барлық кітапты мектептер мен кітапханаларға жеткізуді жоспарлап отыр. Басылым Freedom Camp оқыту бастамасы аясында бұған дейінгі шыққан «Жасыл сандықша» кітабының жалғасы.
———————————————