«Ғасырға басқан қадам». Осындай атаумен Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры 100-ші маусымының шымылдығын түрді. Ерекше кеш театрдың бай тарихын, өнер ордасының жаңа ғасырлық белесіне қадам басуын айшықтайтын мәдени оқиға болды. Театрландырылған көрініс барысында өнер ұжымының репертуарындағы қойылымдардан сахналық үзінділер ұсынылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.