Жетісайдағы өрт: аман қалған үш адамның жағдайы ауыр | 18.11.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

АЛҒАБАСТАҒЫ ӨРТ
Алғабас ауылында өртенген үйден үш адам ғана аман қалды. Оның біреуі – бала. Түркістан облысы, Жетісай ауданында болған қайғылы жағдайға қатысты Президент көңіл айтты. Жер үйден шыққан өрттен 12 адам қаза тапты. Оның тоғызы – бала.

САПАСЫЗ ҮЙ
Петропавлда былтыр ғана баспаналы болған азаматтар құрылыстың сапасына шағымданды. «Қабырғалары сөгіліп, сыз басқан үйде тұру мүмкін емес», — дейді. Тасқыннан соң салынған үйлердің шатыры мен терезесінен жел соғады. Ал мердігер неге үнсіз отыр?

ЖАЛАҚЫ АЗ
Енді сырқатты кім емдейді? Атыраудағы инфекциялық аурухана дәрігерлері жұмыстан бас тартты. Олар жалақының аздығына наразы. «Айлық кейде жырмыштап беріледі», — дейді.

АУЫЗСУ ТАПШЫ
Алматы облысы Іле ауданындағы Ақши елді мекені қыстың көзі қырауда ауызсусыз қалды. Ауылда 6 мыңнан астам адам тұрады. Тұрғындарға тіршілік нәрі көлікпен тасымалданып жатыр. Ескі құбыр сыр берген. Енді мәселе қашан шешіледі?

ЕРТІС ЛАСТАНЫП ЖАТЫР
Семей қаласы арқылы өтетін Ертіске кәріз суы құйылып жатыр. Жергілікті тұрғындар қаланың оң жағалауында қоршаған ортаға зиян келіп жатқанын айтып, дабыл қақты.
———————————————