Қарағанды соты 30 жастағы әйелді ана құқынан айырды. Оған баласына асқан қатыгездік танытуы себеп болған. Төрт жасар бала алдымен мемлекеттік мекемеге жіберілсе, кейін ажырасып кеткен әкесіне берілген. Әкесі ұлымен кездесу кезінде оның денесінде соққыдан көгеріп кеткен дақтарды байқаған. Кейін ұлын балаларды қолдау орталығы алып кеткенін білген. Пәтерде шырылдаған дауысты естіген көршілері есіктегі саңылаудан баланың екі қолы резеңкемен байлаулы екендігін көрген. Сол сәтте полиция шақыртыпты. Жүргізілген сараптама баланың дамуында ауытқушылықтың бар екенін және тілінің уақытынан кеш шығып келе жатқанын көрсеткен. Бала қазір әкесі және ата-әжесімен тұрып жатыр.
ДИНАРА МУТУБАЕВА, СУДЬЯ-КООРДИНАТОР:
— Баланы тәбиелеуде анасының кінәлі екендігі толық анықталды. Ол осы уақытқа дейін өз баласына асқан қатыгездік танытып, күш көрсетіп келген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.