Қайтыс болған фельдшер «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлдана Мырзуан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ақорданың ресми сайтында осындай ақпарат тарады. Фельдшерге қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін осындай құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, марқұмның үстіне тұрғын үйдің қасбетіндегі кірпіш пен кондиционер бөлігі құлаған болатын. Ол жансақтау бөлімінде 10 күн ес-түссіз жатты. Бүгін етжақындары оны ақтық сапарға шығарып салды.
———————————————