Жетісайдағы өрт: үш адам жансақтау бөлімінде

Жетісай ауданында өрттен зардап шеккен үш адамның жағдайы тұрақты ауыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Екі науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ал ер адам өздігінен тыныс алып жатыр. Оқиға орнында барлық жедел топтың жұмысы жалғасып жатыр. Бүгін таңертең Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында өртке байланысты қабылданып жатқан жедел шаралар туралы баяндады. Оның айтуынша, оқиғада қылмыс құрамы жоқ.
———————————————