Өскеменде заңсыз таксистерге қарсы күрес күшейді

Ал Өскеменде заңсыз таксистерге қарсы күрес күшейді. Өңір полицейлері жолаушы тасымалдаушыларды мұқият тексеріп жатыр. Такси жүргізушілері мен маршруттық автобус иелері бірнеше апта ішінде үш мыңнан астам ереже бұзған. Бірінде сақтандыру полисі болмаса, енді бірі техникалық тексерістен өтпеген. Медициналық тексеруден жалтарып жүрген жүргізушілер де бар. Айта кетейік, былтыр олар 113 жол апатына себепкер болған.
———————————————