Елдегі қылмыс саны 5,3 мыңға азайған

10 айда елдегі қылмыс саны 5,3 мыңға азайған. Бүгін Президент қабылдауында болған Ішкі істер министрі Ержан Сәденов осылай деді. Оның айтуынша, елде қылмыстың ізін суытпай ашу әлдеқайда жақсарған. Алдын алу жұмыстарының нәтижесінде тұрмыстық сипаттағы қылмыс – 8 пайыз, оның ішінде кісі өліміне әкеліп соғатын жағдайлар 26 пайыз азайды.
Ал ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мемлекет басшысына саладағы соңғы он айдың қорытындысы туралы есеп берді. Осы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдері шамамен 5,5 пайызға өсіп, 8,2 триллион теңгеге жеткен. Азық-түлік өндірісі 9 пайызға артып, 3,1 триллион теңге болған. Ал экспорт 4,7 млрд долларға дейін ұлғайған.
———————————————