Қазақстандықтардың жыл сайынғы табысы орта есеппен 2-3 пайызға артады. Елімізде халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған үш жылдық бағдарлама әзірленді. Маңызды құжат бүгін Үкімет отырысында таныстырылды. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, жаңа бағдарлама экономиканы дамытудың негізгі басымдықтарын қамтиды. Оның ішінде азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыру, сапалы экономикалық өсімге қол жеткізу секілді бағыттар бар. Үш жылдық бағдарлама аясында ақша-несие саясатын жетілдіру, қаржы секторын дамыту, бағаны реттеу тетіктері бойынша да кешенді шаралар қолға алынбақ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.