Freedom Telecom жоғары жылдамдықты сымсыз интернетін іске қосты

Шымкент – цифрлық жаңғырудың алдыңғы шебінде тұрған елдегі алғашқы ірі қала атанып отыр. Freedom Telecom өзінің жаңа жоғары жылдамдықты FWA технологиясына негізделген стационарлық сымсыз интернетін ресми түрде іске қосты. Жоба аясында жергілікті цифрландыру басқармасымен бірлесіп Shymkent + AI бағдарламасы басталды. Жасанды интеллект зертханасы құрылды. Мұнда ІТ және инженерлік бағыттағы студенттер мен түлектерді дайындап, жасанды интеллект, робототехника және smart-жобаларға тарту көзделген.
———————————————