Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ТАСЖҮРЕК АНА
Қарағанды соты 4 жасар баланы анасынан айырды. Енді оны әкесі тәрбиелейді. Өйткені келіншек тасжүрек болып шықты. Оның бүлдіршінді ұрып-соғып, дөрекілік танытқаны дәлелденді.
ФЕЛЬДШЕРГЕ ҚҰРМЕТ
Елорда жұрты өзгені ажалдан арашалау жолында көз жұмған фельдшерді ақтық сапарға шығарып салды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлдана Мырзуан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ал қала билігі марқұмның отбасына материалдық көмек көрсететін болды.
КӨКТЕН БАҚЫЛАУ
Енді тасжолдағы қозғалыс дронмен бақыланады. Полицейлер жолаушы таситын такси және бағыттық автобус жүргізушілерін жаппай тексеріп жатыр. Мысалы еліміздің шығысында соңғы үш аптада үш мыңнан астам ереже бұзу дерегі анықталды.
ЖАҢА ЕҢБЕК ШАРТЫ
Көп ұзамай азаматтық-құқықтық келісім арқылы жұмысқа алуға тыйым салынады. Мәжіліс депутаттары Еңбек шарты туралы заң жобасын талқылап жатыр. Онда әлеуметтік төлемнен жалтару үшін жұмысшыны мердігер ретінде тіркеуге тоқтау салу көзделген.
ӨНЕРЛІ БАЛА
Ақтауда ең жас өнерпаздар оркестрі елді елең еткізді. Бұғанасы қатпаған балғындар ұлттық аспапта ойнайды. Ал осы өнер ұжымына бес жасар бүлдіршін дирижерлік етеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.