Индонезияның Ява аралындағы ең биік – СемЕру жанартауы атқылады. Оның күлі вулкан шыңынан 2 шақырым биіктікке дейін көтерілді. Қошқыл қою түті көк жүзін жауып, бір сәтке аймақты тұмшалап қалды. Жолда көрініс қиындап, қозғалыс уақытша тоқтады. Жылдам жылжыған ыстық газ, күл және вулкан тастары 7 шақырымға дейін жеткен.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.