Жетісай ауданындағы өрттен зардап шеккен бір адам Шымкентке жеткізілді. 1986 жылғы ер адамды «Қазавиақұтқару» авиациялық қызметінің тікұшағы тасымалдады. Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындап, науқасты Шымкенттегі гипербариялық оксигенация орталығына апарды. Ал тағы екі науқастың жағдайы әлі тұрақты ауыр, олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айта кетейік, Алғабастағы қайғылы жағдайдан кейін өңір әкімі жауапты сала мамандарына бір ай ішінде өрт қауіпсіздігіне қатысты ауқымды аудит жүргізуді тапсырды. Себебі аймақта өрт оқиғасы жиілеген. Бүгін облыс аумағында әлеуметтік топтағы есепке алынған отбасылар мен жеке тұрғын сектордағы үйлерге рейд басталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.