133 мың теңге айлық: Теміртауда фельдшерлер жалақыны көтеруді сұрайды

Теміртаудың медицина қызметкерлері жалақыны өсіруді және жұмыс жағдайын жақсартуды талап етті. Осы мәселені айтып, ұжымдық үндеу жолдады. Әсіресе қазіргі эпид ахуалға байланысты шақырту көбейген.
Фельдшерлердің сөзінше, жедел жәрдем автопаркі әбден ескірген, көлік жиі бұзылады. Мысалы, бір бригада тәулігіне 24 рет шақыртуға шығады. Ең өзекті мәселе – жалақы. Айлық 133 мың теңгеден басталады. Ең көбі – 180 мың теңге. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жалақына өсіруге уәде берді.
———————————————