Елде тұмау жұқтырғандар көбейді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Гонконг тұмауының таралып жатқанын растап отыр. Оны емдеу жолдары қандай? Эпидемиологиялық жағдай қашанға дейін созылады?
Биылғы маусымдық вирустың беті қайтар емес. Астана тұрғындары тұмаудың әдеттегіден ауыр өтіп жатқанына алаңдаулы. Көпшілігінде дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріліп, жөтел мен тамақтың ісінуі жұрттың мазасын әбден қашырған. Вирус әсіресе балалар арасында өршіп тұр.
ЛЮБОВЬ АЛЕКСЕЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
– Немерелерімде өте жоғары температура болды. Алты күн бойы 40 градусқа дейін көтеріліп, түспей қойды. Тамақтары қатты қызарып, жөтел бірнеше күн басылмады. Бұл жолғы тұмау мүлде басқаша. Былтыр да ауырдық, бірақ былай қатты болған жоқ.
Емханаға жүгінетіндер де көбейген. Күніне дәрегерге 50-ге жуық науқас қаралады. Дәрігерлердің айтуынша, әсіресе 14 жасқа дейінгі балалар арасында тұмау жиілеген. «Ауруға қарсы ем дер кезінде жасалмаса, ол өкпенің қабьнуы, пневмония, бронхитке дейін асқынуы мүмкін», — дейді мамандар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.