Елде тұмау күшейді. Сыртқаттың көбеюіне байланысты елордада бұқаралық іс-шараларға уақытша шектеу қойылды. Соңғы бір аптада қалада 23 мыңнан астам адам ауырған. Басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі бала. Таразда да эпидемиялық ахуал күрделеніп, 12 мектеп онлайн форматқа көшті. Бұған дейін Талас және Меркі аудандарындағы бірнеше білім ошағы қашықтан оқытуды бастаған еді. Қаладағы мың орындық жұқпалы аурулар ауруханасының 90 пайызы толды. Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 1,5 мыңға жуық сынып онлайн оқуға көшірілді. Жамбыл облысында 600-дей, Абай облысында 300-ге жуық, Қостанай, Астана, Шығыс Қазақстанда 200-ге жуық сынып карантинге жабылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.