Атырауда соңғы екі жылда 16 200 кәсіпкердің құқығы бұзылған. Оның 15 500-і биыл тіркеліпті. Көбіне жергілікті атқарушы билік өкілдері түрлі тендер байқауына қатысып, жеңген кәсіпкерлермен келісім жасауға еш себепсіз бас тартады. Ал полицейлер тиісті құжаты болмаса да, рейд өткізіп, бизнес өкілдеріне хаттама толтырған. «Кәсіпкерлер құзырлы органның негізсіз тексерісі ісімізді ілгерлетуге кедергі келтіреді», — дейді. Мысалы, биыл өңірлік кәсіпкерлер палатасына 100-ден астам шағым түскен.
ШОТА АБХАЗАВА, КӘСІПКЕР:
— Кедендегілер декларациямызды қабылдап, ескерту жасаған бір жағдай болды. Ол кезде барлық тиісті төлемдерді өтедік. Бірақ кейін, яғни 3 жыл өткен соң дәл осы жағдайға қатысты тағы да ақы төлеу керек болып шықты. 238 млн теңге болып есептелді. Бір рет қаржыны төлегесін, бұл сұмдық деп ойладық.
АСЛАНБЕК БАЙБУСЫНОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:
— Енгізілген қадағалау актілерімен 300-ге жуық мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде қала және аудан әкімдіктері, қалалық бөлім басшылары әкімшілік жауапқа тартылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.