Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға ресми сапармен келеді. Ол 20-21 қарашаға жоспарланған. Осы күндері екі ел делегацияларының келіссөздері өтеді. Сапар барысында Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланбақ. Тараптар түрлі салалардағы әріптестікті кеңейту, сондай-ақ, өзара іс-қимылдың қазіргі бағыттарын нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға ниетті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.