Ұзаққа созылған жоба. Петропавлда теміржол үстінен салынған өткелді пайдалануға беру мерзімі тағы кейінге шегерілді. Тендерді ұтып алған компания кестеден кешеуілдеп, жұмысын уақытылы атқармаған. Сондықтан әкімдік өкілдері келісімшартты бұзды. Қазір жосықсыз мердігерге қатысты іс қозғалып, тергеу басталды. Ал жұмысты енді басқа мердігер жалғастырады. Жұмысшы кентін облыс орталығымен байланыстыратын көпірдің құрылысы 2023 жылы қолға алынған еді. Жоба құны 5 миллиард теңгеден асады. Алғашында нысан бір жылдан кейін қолданысқа берілуі тиіс болатын. Алайда бүгінде шаруаның тек 75 проценті атқарылған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.