Бюджет туралы заң Мәжіліске қайтарылды

Сенат республиканың алдағы 3 жылға арналған бюджеті мен трансферттердің көлемі туралы заңды Мәжіліске қайтарды. Оған бірқатар түзету енгізілген. Соның ішінде сенаторлар өңірлік мәселелерді шешуге қосымша қаржы бөлуді сұрады. Үш жылдық бюджет шығындарының ең үлкен бөлігі әлеуметтік салаға тиесілі – 33,8 трлн теңге. Сонымен бірге экономиканың нақты секторын, инфрақұрылымды, ауыл шаруашылығын, көлік, өнеркәсіп және цифрландыру салаларын қолдауға қомақты қаржы қарастырылған. Сенаторлар жылумен жабдықтау жүйелеріне, су ресурстарына, газ тасымалдауға, жағалауды нығайтуға және өнеркәсіпті дамытуға қосымша қаржы бөлу жөнінде ұсыныстар айтты.
———————————————