Елімізде «Жасыл құрылыс» бағыты қарқын алып келеді. Экологиялық стандарттарға сай салынған нысандар энергия тұтынуды 40 пайызға, ал суды 30 пайызға дейін үнемдеуде. Қазір өңірлерде осындай 150-ге жуық ғимарат бой көтерген. Олардың басты ерекшелігі – құрылыс барысында экологиялық таза материалдардың қолданылуында. Дегенмен салада түйткілді мәселе де аз емес. Мәселен, құрылыс материалдарының қымбатшылығы, маман жетіспеушілігі мен экологиялық талаптарды бақылау жүйесінің әлсіздігі. Астанада өткен «Central Asia 2025 – Green Build» форумында сарапшылар осы мәселелерді қозғады. Елімізде жасыл стандарттарға негізделген ғимарат үлесін 25 пайызға арттыру көзделіп отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.