Тұмау күшейді: жеті аймақтағы мектепте оқу онлайн форматқа ауыстырылды | 20.11.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЖҰМЫСШЫ КӨЗ ЖҰМДЫ
Солтүстік Қазақстан облысында жұмысшы қаза тапты. Ол астық сақтау қоймасына құлап кеткен. Оқыс оқиға Ақжар ауданында болды. Еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

ФЕЛЬДШЕР ЖАНАЙҚАЙЫ
Теміртауда фельдшерлер көмек сұрайды. Олар ұжымдық бейнеүндеу жолдады. Айтуларынша, жалақы мардымсыз, шақыртуға баратын көлік ескі әрі маман тапшы. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәселені шешуге уәде берді.

ТҰМАУ САЛДАРЫ
Жеті аймақтағы мектепте оқу жарым-жартылай онлайн форматқа ауыстырылды. Бұл – 1469 сынып. Оған тұмаудың өршіуі себеп. Вирус жұқтырған бала саны 30 пайыздан асса, сынып онлайн оқуға көшіріледі. Ал Астанада бұқаралық шара өткізуге уақытша шектеу енгізілді.

ПРАНКЕР МЕН КОУЧҚА ТЫЙЫМ
Қоғамдық жерлерде фото-видео түсіруге шектеу қойылуы мүмкін. Бұл – пранкерлерге тоқтау салудың амалы. Әлеуметтік желі арқылы азаматтарға ақыл-кеңес беретін коучтар да тезге салынбақ. Осындай заң жобасы талқыланып жатыр.

ШЕБЕРДІҢ АРМАНЫ
Атыраулық шебер арманын айтты. Атадан балаға мирас болып келе жатқан бекзат өнер иесінің қолынан шыққан домбыраға сұраныс көп. Тіпті шетелдіктер де аттай қалап әкетеді.
———————————————