Вьетнамда нөсер жаңбыр мен су тасқынынан 41 адам қаза тапты. Тоғызы із-түзсіз жоғалған. 52 мыңнан астам үй су астында қалды. Мыңдаған гектар ауыл шаруашылық жері зақымданды. 30 мыңға жуық мал қырылды. Аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Осы қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.