Ақтөбеде жас жұбайлардың жұмбақ өлімі: бес бала жетім қалды

Ақтөбеде ерлі-зайыптының денесі табылды. Тәртіп сақшылары алдымен көлік ішінен 39 жастағы келіншектің мәйтін көрген. Оған күш көрсетілген болуы мүмкін. Ал сол маңда марқұмның күйеуі асылып қалған. Ол 40 жаста. Әйел мен еркектің өліміне нақты не себеп болғаны белгісіз. Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қара жамылған отбасында бес бала жетім қалды.
———————————————