Асханасынан қырықаяқ табылған Алматыдағы балабақша жабылды

Асханасынан қырықаяқ табылған Алматыдағы балабақша жабылды. Себебі, санитарлық талапқа сай емес. Бұған дейінгі тексеріс кезінде де тазалыққа қатысты мәселелердің бары анықталған. Ата-аналардың кезекті шағымынан кейін мамандар жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, тағамның дұрыс сақталмағаны, ас дайындау технологиясы бұзылғаны және ыдыс-аяқ жуу талаптарының орындалмағанына көз жеткізді. Осыған байланысты мекеме басшысына айыппұл салынды. Ал балалар қаладағы өзге мекемелерге орналастырылды.
———————————————