СҚО Шаховское ауылында құс тұмауының аса қауіпті формасы анықталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Шаховское ауылында құс тұмауының аса қауіпті формасы анықталды. Қаз-үйрек өсіріп, кәсіппен айналысу үшін миллиондаған несие алған жергілікті тұрғындар Алматы қаласындағы зертханалардың бірінде тәуелсіз сараптама жасатқан. Оның қорытындысына сәйкес, H5N1 ауруы расталды. Айта кету керек, аталған ұйымның мемлекеттік аккредитациясы бар. Алайда жергілікті билік өкілдері болса, мұндай шешіммен келіспей отыр. Ветеринарлардың мәліметінше, қанаттылардың қырылуына тағы да пастереллез себеп болған.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан шамамен бір апта бұрын Қызылжар ауданындағы Шаховское ауылында үй құсы жаппай қырыла бастаған. Қазір мұнда шектеу шаралары енгізіліп, қора-қопсы залалсыздандырылуда. Төрт мыңға жуық өлексе жойылды. Қырылып жатқандары әлі тіркелуде. Сондықтан шығынға әбден батқан ауылдағы ағайын енді прокуратураға арызданып, сотқа жүгінуді жоспарлап отыр.
———————————————