Түркістан облысында субсидия жымқырғандар сотталды

Түркістан облысында субсидия жымқырғандар сотталды. Ветеринария қызметінің мамандары ауыл тұрғынымен алдын ала келісіп, ақпараттық базаға шамамен 100 мың бас ұсақ малды заңсыз тіркеп қойған. Осылайша олар бірнеше шаруа қожалығының атынан 271 миллион теңге көлеміндегі субсидия алып, өзара бөліскен. Түркістан қаласының соты 5 адамды кінәлі деп таныды. 4 күдіктіге 5 жыл 2 ай жаза кесілді. Ал бір адамның бас бостандығы шектелген болатын. Кейін сот рақымшылық жасап, істі тоқтатты.
———————————————