Ақмола облысында шаруашылық басшысы мал ұрлығын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ақмола облысында шаруашылық басшысы мал ұрлығын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Бір үйір жылқы тиеген жүк көлігін полиция осыдан бір апта бұрын Қарағанды облысында ұстаған болатын. Теміртауда тоқтатылған көлік рулінде Түркістан облысының 48 жастағы тұрғыны болған. Ол малды 13,5 миллион теңгеге «сатып алдым» деп ақталған. Кейін мал иелері жайылымнан жоғалған жылқысын жазбай таныған. Бұл іске 45 жастағы фермердің қатысы бар болып шықты. Ол үй қамаққа алынды.
———————————————