Тұтынушылық қарыздың өсуі бағаның қымбаттауына әкеледі

Бөліп төлеу мен «қазір ал – кейін төле» қызметі қазақстандықтардың берешегін арттыра ма? Сарапшылардың пайымынша, тұтынушылық қарыздың көбеюі халықтың қалтасына ғана салмақ салмайды. Инфляцияға да әсер етеді. Импорт үлесі жоғары Қазақстан үшін несиенің жылдам өсуі бағаның да қымбаттауына алып келеді. Алмадыда Kursiv Research ұйымдастыруымен жиын өтті. Сарапшылар бұқараны қаржылық қысымнан құтқарудың амалын талқылады.
———————————————