Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
5 БАЛА ЖЕТІМ ҚАЛДЫ
Ақтөбеде таңертең үйден шығып кетіп із-түссіз жоғалған ерлі-зайыптының денесі табылды. Оларды белгісіз біреулер асып өлтірген болуы мүмкін. Енді жетім қалған бес баланы кім асырайды?
БАЛАБАҚША ЖАБЫЛДЫ
Алматыдағы қырықаяқ қаптап, елді дүрліктірген балабақша ақыры жабылды. Ата-аналардың кезекті шағымынан кейін мекемеде жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Мекеме басшысына қандай жаза қолданылады?
ЖЕР ҮЙДЕГІ МЕКТЕП
Жамбыл облысы Жылыбұлақ ауылының оқушылары 4 бөлмелі үйде оқып жатыр. Бұрынғы жер үй 21 жыл бұрын мектепке айналдырылған. «Ол құрқылтайдың ұясындай тар және ешқандай талапқа сай емес», — дейді ата-аналар. Енді жаңасын салып беруді сұрайды.
ЖЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ
Арменияның премьер-министрі қазақ жұртына жүрегін ұсынды. Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Никол Пашинянды қарсы алу рәсімі өтті. Мұнан соң Мемлекет басшысы мәртебелі мейманмен келіссөз жүргізді.
ЖҮРГІЗУШІ ӘЖЕ
Шымкентте 80 жастағы әже көлік тізгіндеп жүр. Қарт жүргізушінің қимылы ширақ, алыс сапарға да жиі шығады. Ал жастар кейуанамен жарысуға асығады. Өйткені ең үлкен жүргізушінің шеберлігіне тәнті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.