Жыл басынан бері терроризм және экстремизм әрекеті үшін 83 адам ұсталды

Елімізде жыл басынан бері терроризм және экстремизм әрекеті үшін 83 адам ұсталды. 97 адам сотталған. Осы айда Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында әлеуметтік желіде терроризмді насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымның алты жақтаушысы қолға түсті. Тергеу барысында олардың дінді жамылып, шабуыл жасауға және кісі өлтіруге үгіттегені анықтады. Тінту кезінде күдіктілерден қару-жарақ, діни мазмұндағы материалдар тәркіленіп, қамалды. Ал Ақтөбе облысының тұрғыны терроризмді насихаттайтын материал таратқаны үшін 7 жылға сотталды.
———————————————