Бейнеуде екі оқушының аяғын қарсақ тістеп алған

Бейнеу ауылында екі оқушының аяғын қарсақ тістеп алған. Түлкі тұқымдас аң оқушыларға тап бергенде, балалар не болғанын түсінбей қалыпты. Жыртқышты мамандар ұстап, Ақтаудағы ветеринариялық зертханаға жіберді.

Зертханада жыртқыштың ауру-ауру еместігі нақтыланады. Ал дәрігерлер жарақат алған қыз балаларға дереу медициналық көмек көрсетті. Қазір құтырма ауруына қарсы екпе кезең-кезеңімен салынып жатыр.
СҰҢҒАТ БАТЫРОВ, БЕЙНЕУ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:
— Екі пациент қазіргі таңда Бейнеу аудандық ауруханасының травматолог дәрігерінің бақылауында. Бүгінгі күні екінші екпесін алды. Қазіргі таңда жағдайлары тұрақты. Кесте бойынша емін алуда.
———————————————