Пәтер ақшасын жымқыру ісі: Мұғалжар ауданында экс-депутаттар сот алдында жауап берді

Ақтөбе сотында Мұғалжар аудандық мәслихатының бұрынғы екі депутатына және аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысына қатысты іс қаралды. Оларға «әлеуметтік осал топқа берілетін 70 пәтерге бөлінген 672 млн теңгені жымқырды» деген айып тағылған. Прокурордың айтуынша, экс-депутаттар мен шенеунік жатақхананы мемлекетке тұрғын үй ретінде сатқан, бірақ ол техникалық талаптарға сай келмеген. Көгілдір отын желісі мен ыстық су жоқ. Бұрынғы депутаттар кінәларын мойындамай отыр. Ал шенеунік өз айыбын ішінара мойындап, сотпен келісімге келген. Сот ісі әлі жалғасады.
———————————————