Қызылжарда жайылым жетпейді: шаруалар жауаптылардан шешім күтеді

Солтүстік Қазақстан облысында Қызылжар ауданының бақташылары жайылым жер таппай қиналып жүр. Олардың айтуынша бұрынғы учаскелерді алапат тасқын кезінде су басып қалған. Ал Бескөл, Бәйтерек, Прибрежное сынды елді мекендердің маңайындағы жерлер шаруаларға жалға беріліп кеткен. Бұған жауаптылар не дейді?
Соңғы жылдары өңірде Есіл өзені арнасынан асып, жан-жаққа жайылды. Салдарынан Қызылжар ауданында жайылымды да басып қалған. Бақташылар болса, енді төрт түлікті бағатын жер таппай сандалып отыр.

КЕҢЕС КӨКЕЕВ, ЖЫЛҚЫШЫ:
— Мал бағатын жердің бәрін су басып кетті. Жолға қырыққабат егіп қойған. Бағатын жер жоқ. 350-дей жылқы, 130-дай ірі қара мал бар
Бақташылар қазір Бескөл, Бәйтерек, Подгорное және Прибрежное ауылында жағдай күрделі деп отыр. Елді мекеннің айналасындағы құнарлы жерге шаруалар көкөніс егеді. Ал арғы бетіне бидай себіледі.

Жер қатынастары бөлімінің басшысы: «Соңғы 3 жылда ауданда 30 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекетке қайтарылған. Бұл бағытта мәселе жоқ», -дейді.

РУСЛАН АСПАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Бұл жерлерді пайдалануды жергілікті қауымдастық шешеді. Сондықтан бақташылар ауылға барып, осы сұрақты кеңесте көтеру керек. Мәселенің шешілу жол осындай. Ал су басқан учаскелерге келетін болсақ, олар қауіпті аймақта тұр. Қазір су кетті. Сондықтан Бескөлмен Прибрежное ауылы арасында да мал бағуға болады.

Бұл 1-2 күнде шешілетін мәселе емес. Ал қыс болса жақындап қалды. Сондықтан малшылар жаңа жылға қарай төрт түлікті қолға таратамыз деп бекініп отыр.
———————————————