Депутаттар риэлторлық қызметті реттейтін заң жобасын әзірлемек

Қазақстанда риэлторлық қызмет нарығы бақылауға алынады. Бүгінде бұл салада бірыңғай талап жоқ, риэлторлардың біліктілігі де реттелмеген. Әрі тұтынушы алдындағы жауапкершілік те нақты белгіленбеген. Көбі салық төлемей, ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген. Сарапшылардың мәліметінше, былтырдың өзінде елімізде 25 мыңнан астам алаяқтық белгілер бар күмәнді келісімшарт анықталған. Пәтерін делдалсыз сатқанымен, бірақ мәміледегі талапқа сай риэлторға комиссия төлеуге мәжбүр болған жағдайлар да жиі кездеседі. Сондықтан депутаттар риэлторлық қызметті реттейтін заң жобасын әзірлемек. Бұл бастаманы Үкімет те қолдады. Реформа аясында бірыңғай тариф бекітіліп, елімізде бірегей риэлтор реестрі жасақталмақ.
———————————————