Бүгін Ақордада сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев алты мемлекеттің жаңа елшісінен сенім грамоталарын қабылдады. Олар – Израиль, Қырғыз, Куба, Ливан, Зимбабве және Сомали Федеративтік Республикасының елшілері. Мемлекет басшысы Қазақстан барлық елмен достық және өзара құрмет қағидатына негізделген саясат жүргізетінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапы олардың жұмысына толық қолдау көрсететінін мәлімдеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.