Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында қарсы алды. Ақорда хабарламасына сүйенсек, президенттер жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 555,7 млн АҚШ долларына жетті. Оның ішінде экспорт 335 млн долларға таяса, импорт 220 млн доллар шамасында. Ал биылғы қаңтар-қыркүйек арасындағы көрсеткіш 363,6 млн АҚШ доллары көлемінде болды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.