Автобус мәселесі шешімін тапты: өскемендіктер тасымалдаушыны ауыстырды

Жолаушы құқы қорғалды. Өскемен қаласындағы Аблакетка шағын ауданының тұрғындары сот арқылы тасымалдаушы компанияны ауыстырды. Олар автобустың келген-кеткен уақытын, кешіккенін бейнежазбаға түсіріп, шағымданған. Қалалық әкімдікте жолаушылар арызы жан-жақты қаралып, коммуналдық қызмет мамандары тексеріс жүргізді. Нәтижесінде, үш бағытқа қажет 18-20 автобустың орнына небәрі 10 көлік қатынап жүргені анықталды. Автобус паркімен жасалған келісімшарт бұзылды.
———————————————