Алматы облысында жол қауіпсіздігін қадағалайтын 50 шақты бейнекамераға жасанды интеллект бағдарламасы орнатылды. Олар аса қауіпті жол бөліктеріне қойылған. Қазір тас жолдарда жалпы саны 10 мыңнан астам бейнекамера жұмыс істеп тұр. Жалпы өңірде жол апаты жиілеп барады. Өткен 7 айда өңірде 6,5 мыңнан астам жол апаты болған. Жол-көлік оқиғасынан зардап шегуші саны 60 пайызға артып отыр. Сондықтан облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы басталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.