ШҚО-да боран соғып, көліктер далада қалды

Шығыс Қазақстан облысында боран соқты. Бұрқасыннан жол көрінбей, «Өскемен – Риддер» трассасында жүк көлігі далада қалған. «Өскемен – Семей» жолында бір көлік қар құрсауында қалды. Құтқарушылар оларға көмек көрсетті. Полиция қызметкерлері боран күндері жолға шықпауға кеңес береді.
———————————————