Silk Way Star халықаралық вокалдық жобасының жеңімпазы анықталды. 43 елден 508 мыңнан астам көрермен дауыс берген байқауда моңғолиялық Мишель Жозеф бас жүлдені қанжығасына байлады. Оның еншісінде – 112 241 дауыс. Екінші орын – Өзбекстаннан келген Мадинабону Адыловаға бұйырса, үздік үштікті қытайлық әнші Чжан Хэ Сюань түйіндеді. Айта кетейік, мега жоба Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан мен Моңғолияның ірі телеарналарынан көрсетілді. Silk Way Star финалын әлем бойынша 120 миллион көрермен тамашалаған.
МИШЕЛЬ ДЖОЗЕФ, SILK WAY STAR ЖЕҢІМПАЗЫ:
— Қолдау білдіргендеріңізге көп рақмет. Қазақстандықтарға алғысым шексіз. Жалпы, қазақ-моңғол халықтары бұрыннан бір-біріне өте жақын. Тарихымыз, мәдениетіміз өте ұқсас. Біз бауырлас елдерміз дер едім. Сондықтан осы байланысты музыкада, жалпы өнерде нығайта түсуіміз керек. Осы мега жобаға қатысқаныма өз басым өте қуаныштымын. Көп нәрсе үйрендім, білдім.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.