Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ҚАУІП
Астанада биіктен құлаған үш құрылысшының біреуі ауруханадан шықты. Екінші жұмысшының аяқ-қолы сынған, үшіншісінің көзіне зақым келген. Ал құрылыс компаниясы «Біз бұл адамды танымаймыз» деп ат тонын ала қашты.
ӨРІС ТАРЫЛДЫ
Қызылжар ауданының бақташылары мал жаятын жер сұрайды. Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын Есіл тасып, салдарынан өріс тарылып кеткен. Енді ауыл азаматтары жылқы мен сиырға жайылым таппай қиналып отыр.
КЕМІРГІШПЕН КҮРЕС
Атырау облысы Махамбет ауданында егеуқұйрық қаптап кетті. Мектеп пен балабақша онлайн форматқа ауысты. Тұрғындар жергілікті биліктен тышқан аулауға көмектесуді сұрайды.
РИЕЛТОР НАРЫҒЫ
Астанада риэлтор нарығын реформалау басталды. Көп ұзамай риэлтор реестрі жасақталып, этикалық кодекс пен тариф бекіту көзделіп отыр.
МӘДЕНИЕТ КӨПІРІ
Silk Way Star – мәдени дипломатияның айқын көрінісі. Әр ұлттың салт-дәстүрін паш ететін жоба. Ел Президенті осындай баға берген халықаралық ән байқауы мәресіне жетті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.