Омбы – Майқапшағай трассасындағы жол апаты: үш адам көз жұмды

Омбы – Майқапшағай тас жолында жүк көлігі мен жеңіл машина соқтығысып, соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Бір адам қазір ауруханада жатыр. Апатқа нақты не себеп болғаны белгісіз. Мән-жайы анықталып жатыр.
Сондай-ақ Алматы – Бішкек трассасында да жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты. Тағы бесеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, Audi автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
———————————————