Атырауда балалар арасында жіті респираторлық вирустық инфекция өршіп тұр. Бүгінде 14 жасқа дейінгі 16 мың баланың вирус жұқтырғаны анықталды. Облыстық инфекциялық ауруханаға жүгінетіндер көп. Дәрігерлердің айтуынша, бір күнде 100 адамға дейін қабылдау бөліміне қаралады. Қазірдің өзінде облыстық инфекциялық ауруханада 244 науқас емделіп жатыр. Олардың 170-і – бала, 40-тан астам жүкті әйел бар. Мамандар сақтықты күшейтіп, қоғамдық орындарға бармау керегін ескертеді. Қазір науқастарға арналған қосымша 100 резервтік орын дайын. Әзірге мектеп оқушылары штаттық режимде оқып жатыр. Егер бір сыныптағы баланың 30 пайызы инфекция жұқтырған болса, сынып қашықтан оқуға көшіріледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.