Ақтөбе облысында полицейлер соңғы бір аптада 50 мас жүргізушіні ұстады. Мәселен, орталық даңғылда патрульдік полиция жеңіл көлікті тоқтатқан кезде 37 жастағы жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны және бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалып, көлік айыптұраққа қойылды. Жалпы, өңір тұрғындары бір аптада жол ережесін 2 400 рет бұзған. Салдарынан 200-ден астам көлік түрлі құқықбұзушылық үшін айыптұраққа жіберілді. Сондай-ақ оның 35-і шетелде тіркелгені белгілі болды. Аймақта жол апаты азаймай тұр. Жыл басынан бері 1 700-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелген. 108 адам қаза тауып, 2,5 мыңнан астам адам жарақат алған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.