Сауда және интеграция вице-министрі Астанада ең арзан ет қай жерде сатылып жатқанын айтты. Айдар Әбілдабековтың сөзінше, «Керуен жолы» базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр. Соның арқасында елордада соңғы екі аптада ет бағасын төмендетуге мүмкіндік туған. Алғашқы аптада 40 тонна, ал екіншісінде 150 тонна ет сатылған. «Бірінші жәрмеңкеге үш облыс, ал екіншісіне бес облыс өнім жеткізді», — деді сауда вице-министрі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.